Бақ-берекем, әз Наурыз!

233
Дереккөз

Алматы облысының кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар қозғалысы, «Шаған» сауда үйі мен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Бақ-берекем, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.

Дереккөз

Мақсаты наурыз мерекесін, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды насихаттау, жастардың бойына  ізгі қасиеттерді сіңіру болып табылады. Шара барысында ұйымдастырушылар өмірлік қиын жағдайға түскен тұлғаларға арналған уақытша бейімдеу орталығында тұратын азаматтарға наурыз көже ұсынып, мерекелік концерт қойды. Айта кетейік, аталмыш орталық 2014 жылдан бері жұмыс жасауда. Осы уақыт аралығында мыңнан астам адам орталықтың қызметіне жүгінген. 2018 жылы 292 адам паналаса, қазіргі таңда 150 адам тұрады. Олардың ең жасы 24-те, үлкені зейнеткерлік жаста. Мұнда  әлеуметтік қызметкер, психолог, санитар, медицина қызметкерлері, заңгер сынды 49 қызметкер бар. Өмірлік қиын жағдайға түскен тұлғаларға арналған уақытша бейімдеу орталығының директоры  Гүлназ Тілеуберлинова «Біз де Наурыз мерекесін асыға күтеміз. Жыл сайын жоғарғы деңгейде атап өтуге тырысамыз. Қызметкерлеріміз ұлттық киімдерімізді киіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырады. Биылғы ерекшелік талантты жастар өз бастамаларымен  қолдау білдіріп, өнерлерін көрсетуде »-деді.

Дереккөз

Бақтияр Жақсыгелдинов, Алматы облысының кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар қозғалысының төрағасы: Наурыз  мерекесін осындай бейімдеу орталықтарында ұйымдастырудағы басты мақсат — қоғамнан тыс қалып жүрген азаматтарымызға мерекелік көңіл күй сыйлау. Игілікті іс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Осы ретте демеушілік жасаған «Шаған» сауда үйіне алғысымызды білдіреміз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK