Патриоттық ән байқауы өтті

311
Дереккөз

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Талдықорған қаласы білім бөлімі мен қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында  «Жырым сенсің – Мәңгілік ел» атты қалалық патриоттық ән байқауы өтті.

Жастар жылына орай ұйымдастырылған  байқаудың басты мақсаты қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын  арттыру, дарындыларға қолдау көрсету болып табылады. Байқауға қала аумағынан 24 өнерпаз қатысып, сайысқа түсті. Байқау қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды. І орынды  № 23 орта мектептің 10 -сынып оқушысы  Дильяна Юнашева, ІІ орынды № 28 орта мектеп оқушысы Біржан Нұрмұханбетов, ІІІ орынды № 22 орта мектеп оқушысы Меруерт Амантай  иеленді.

Шеризат ОҢҒАРОВ, Талдықорған қаласының жастар ресурстық орталығының жетекшісі

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK