Әлем  тарихында кемеңгер тұлға атанған қазақтың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  қазақ жерін аман сақтап қалу үшін   жер жаһанға қазақ елінің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарған тұғыш тұлға. Қазақ тарихындағы алғашқы сүбелі үлесі көпұлтты Қазақстан жерін бір жұдырықтың ішінде жұмылдырып татулықтың өнегесін өзге мемлекеттерге көрсетті. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, болашағымыздың сәулелі болуына, кемел келешегіміз     үшін  айқын стратегияларымен әлемдік саясаткерлер қатарынан орын алды. Мәңгілік Ел, Рухани жаңғыру бағдарламаларын келешек ұрпаққа ұсынуы- қазақ халқының  мәңгі тарих сахнасында қалуына  қосылған үлесі.

Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалары жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.

Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Мемлекет басшысының бастамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, оған халықаралық деңгейдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының назары күшейіп отыр. Еңбегі ерен, тұлғасы алып Ұлт көшбасшысының беделі үстем болуына шын жүректен тілектеспіз.

Байсова Ләйлә Жанатқызы «№2 орта мектеп» КММ директоры. 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK