Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті  Н.Ә.Назарбаев дүние жүзі тарихындағы кемеңгерлердің ішінде ерекше орны бар біртуар тұлға. Елбасымыз қазақ елінің бейбіт және ядролық қарусыз өмір сүру саясатын жер жаһанға паш етіп, Қазақстан мемлекетін жоғарғы халықаралық деңгейге шығарды. Елбасымыздың бастамасымен мемлекетіміз тығырықтан жол тауып, тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыра отырып, дамыған, қуатты елдер қатарына қосылдық. Президентіміздің көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Бүгінде еліміз бірлік пен татулықтың алтын бесігі болып отыр.

Заман тынысын тап басып танитын Елбасымыз қатардағы адамдардың, қарапайым отбасылардың жағдайларын зерделеп, қуатты өмір сүруіне ықпал етеді. Елбасымыз Қазақстан мемлекетінің тұғыры биік, тегеуріні мықты мемлекетке айналуына қажырлы еңбегімен қол жеткізді.

 Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының басым бағытының бірі-жас толқынның бойына отаншыл сананы қалыптастыру екені бәрімізге мәлім. Тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін жас жеткіншектерді мемлекетшіл, отаншыл рухта тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселе, қазіргі таңда ұлт ретінде сақталудың бірден-бір жолы – бала бойына елжандылық пен ұлтжандылық рухын орнықтыру екені көп дәлелді керек етпейді.

Елбасының тікелей бастамасымен «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен — ауылға», «Жас мамандар резерві», «Жастар саясаты» сынды мемлекеттік бағдарламалар өмірге келіп, жастардың қажеттілігін жетілдіру жолында жүзеге асқандығы белгілі.

Елбасының табысты болудың ең іргелі, басты факторы білімнің салтанат құруын бәрінен биік қоятын ұлттың әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылатындығына білдірген сенімін ақтаймыз!

Есботанова Ләззат Өзбекқызы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK