Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Бүгін, 19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев орталық телеарналар арқылы мәлімдеме жасап, өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді.

Назарбаев «сайлау кезінде сенген» халыққа алғыс айтты. Ол «Нұр Отан» партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін айтты.

Назарбаев сайлау өткенге дейін уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев отыз жылдан бері Қазақстанды басқарып келген.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK