Үй алғың келсе 7-20-25-ке қатыс!

238
Дереккөз

Аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу мүмкіндігіңіз бар! Осыған орай, Алматы облысы әкімінің орынбасары Тұяқов Жеңіс Шылбынұлының төрағалығымен Қапшағай қаласы әкімдігінің кіші залында қала әкімінің орынбасары Сүгіров Ілияс Сейтбекұлының қатысуымен жиын өткізілді.

Сонымен бірге, бұл басқосуға бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік, азаматтық және коммуналдық мекеме қызметкерлері және 6 банк филиалдарының басшылары да арнайы шақыртылды. Мақсат- облыс жұртшылығын үкімет тарапынан қарастырылған жеңілдік негізінде үймен қамтамасыз ету. Яғни, мұндағы ең басты халыққа берілетін көмек алғашқы жарнаңыздың жартысын мемлекет төлеп беретіндігі. Бірақ, бұл жеңілдіктер мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлерге, көп балалы аналарға қарастырылған. Демек, осы азаматтар міндетті түрде Алматы облысының тұрғыны, әрі жұмысы осы аумақта болуы қажет. Орайы келгенде айта кету керек, сонымен қатар, жекелеген жұмыс орнында істейтін қала тұрғындарының барлығы да осы бағдарлама аясында пәтер алу құқы бар. Ондай азаматтар алғашқы 20 пайыздық жарнаңызды құйып Қазақстанның кез-келген аймағынан (Алматы,Астана, Талдықорған т.б қала, облыстардан) аласыз. Міне, бүгінде Қапшағайда бұл бағытындағы жұмыс жыл басынан бері қолға алынып, соның негізінде 2 тұрғын үй салынып жатыр. Нақтырақ айтсақ, 18 шағын ауданында «ТЕРМОМАКС» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі 54 пәтерлі және «DIFT GROUP» ЖШС-гі 250 пәтерлі үйлердің құрылысын бастап кетті. Бұл үйлер толық биылғы жылы аяқталып, көпшілік қолданысына беріледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 7-20-25 бағдарламасына өңір бойынша 150 адам қызығушылық танытып өтініш берген. Оның 105 жергілікті билік  арқылы банктерге жолдама алып, соның 15-і қарастырылу үстінде. Жалпы, Қапшағай қаласында үй кезегінде 2507 адам тіркеуде тұр. Оның 796-ы бюджеттік қызметкер.
Аталған бағдарламаға қатысты барлық сұрақтарды 4-61-63 тел. нөміріне хабарласып біле аласыздар!

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK