Талдықорған қаласының тұрғындары «Таза қала» акциясына жұмыла кіріскені соншалық төңіректің барлығы көктемнің лебімен жаңара түскендей.

Тұрғын үйдің келбеті, санитарлық тазалығы, күтімі мен көркі қашанда талапқа сай болуы керек. Осы орайда облыс орталығының және екі ауылдық округ тұрғындары, пәтер иелері кооперативтері тазалық шарасына белсене қатысып, өз үлестерін қосып жатыр.

Талдықорған қаласындағы Абылай хан көшесінің 271 А, 273 тұрғын үйінің  иелері жалпықалалық сенбілікке ат салысып, санитарлық тазалық шарасын үлкен жауапкершілікпен атқарды. Үлкендердің қарбаласқан шаруасынан кішкентай бүлдіршіндер де шет қалмады. Шамалары жеткенше қолғабыс етті. Нәтижесінде, аулалар қоқыс қалдықтарынан арылып,гүлзарлар ретке келтірілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK