Ән шырқайық қосылып!

1208

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, Жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан»ЖҚ ұйымдастыруымен Талдықорғандағы «City plus» ойын-сауық кешенінде күйсандық музыкалық аспабы орнатылды.

«Ән шырқайық қосылып» атты шара «Жастар корпусын дамыту» жобасы аясында өткізілді. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жан-жақты қолдап, Елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңында Жетісу жастары ұсынған аталмыш аспап қала тұрғындары үшін мейлінше қолжетімді болмақ. Англияда 2008 жылы бастау алып, қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатқан жобаның біздің өңірімізде де дамуына өзіндік үлесін қосқан-Нұржан Молдаxметов. «Астана қаласында бірнеше қоғамдық орындарда күйсандық орнатылғаны баршаға мәлім. Біздің облыста да неге ұйымдастырмасқа деген ой келді. Топ мүшелерімен ақылдаса келе, «City plus» басшылығымен өзара келісімге келдік. Дәл осы орынды таңдау себебіміз, жастардың басым көпшілігі уақытын сол аймақта өткізетіндіктен, яғни, xалық көп шоғырланатын орын болғандықтан таңдадық. Біздің мақсатымыз-жастардың өнерге деген құштарлығын арттыру, бойларындағы өнерлерін көпшілікке көрсетіп, танылмай жүрген таланттардың, яғни, жаңа есімдердің жарыққа шығуына себепкер болу. Бәлкім, осы жастарымыз болашақта әлемдік ареналарда өнер көрсетіп, Жетісудың даңқын асқақтатар»-дейді идея авторы. Айта кетейік, ашылу салтанатында Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің білімгерлері мен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары жиналған қауым алдында өнерлерін көрсетті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK