Талдықорғанда сенбілік өтті

511
Фото авторы А.Нұршанов

Талдықорған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жалпықалалық сенбілік өтті. Аталмыш тазалық шарасына 22 мыңнан астам қала тұрғыны белсене атсалысты.

Фото авторы А.Нұршанов

«Санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыруға арналған көктемгі-күзгі айлық іс-шаралар» жоспарына сәйкес өткен тазалық шарасында 1000-нан астам қажетті құрал-жабдық таратылып, 38 техника жұмылдырылды.

Фото авторы А.Нұршанов

Шаhар тұрғындары мен 200-ден астам мекеме, кәсіпорын ұжымдары  өздеріне тиесілі аймақты қоқыс, тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Нәтижесінде 173 км арық жүйесі, 120 көше тазаланды. Сондай-ақ, 2540 текше метр қоқыс шығарылды.

Фото авторы А.Нұршанов
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK