Бірыңғай төлем жүйесінің пайдасы тиді

287

Мен көп балалы анамын. Жақындағы Елбасының айтқан  тапсырмасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жұмыспен қамту орталығына  барған едім. Жолдасым өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жеке тұлғаларға жалданып, табыс табады.

Отбасымның  асыраушысы жолдасым болғандықтан, оның табысы туралы құжат сұрады. Ол өз кәсібін дәлелдей алмайтын болғандықтан, «Бірыңғай жиынтық төлем» жүйесіне  тиісті қаржыны құйып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандығын растады.

Бірыңғай жиынтық төлем біздер сияқты отбасыларға, өзін-өзі қамтыған азаматтар үшін өте тиімді екен.

Бұл  жүйеде  банктік шот ашпай-ақ терминал, мобильді қосымшалардан-ақ оңай төлей аласыз.

Жаңа жүйенің басты, үлкен тиімділігін де айтқан жөн. Ол төрт міндетті төлемнің басын  біріктіреді. Мәселен,  10% — жеке табыс салығы, 20 %  — әлеуметтік сақтандыру қорына, 30 % — зейнетақы қорына, 40 % —  медициналық сақтандыру қорына аударылады.

 Осылайша келешекте, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық  қызмет түрлеріне, несиеге, әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік көмекке  қол жеткізе алады. Зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебінен тиісті көлемде зейнетақы алатын болады.

                                                    Гүлзат Жарасбаева,

                                                  5 баланың анасы.

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK