Бұл – тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеке бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама банк салымшыларына бірегей шарттармен жаңа үйлерден пәтер сатып алуға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Мұндағы ең төменгі бастапқы жарна – үй құнының 20 пайызын құрайды. Займдар бойынша ең төменгі мөлшерлеме – 3,5, ең жоғарғы мөлшерлеме 7 пайыз. Ал, ол кейін 5 пайызға дейін төмендейді. Заем сомасы – 90 млн. теңгеге дейін. Мамандар үйдің бағалары нарықтағы құнынан төмен екендігін айтады. Бір ескеретіні, салымшының атында басқа үйдің бар-жоқтығы және қанша үй сатып алайын деп жатқаны маңызды емес.

Айта кетейік, Қаскелең қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша 13 жеке үй (таунхаус) жуырда пайдалануға берілмек. Бұл үйлер коттеджді қалашық Алматы қаласынан 15 шақырым қашықтықта,  Каскеленнің экологиялық таза аймағында, көркем тау етегінде орналасқан.

Коттедж қызыл кірпіштен, жоғары сапалы материалдардан жасалған. Аталмыш нысан Қаскелен қаласының Оңтүстік ауданында орналасқан. 1 шаршы метрдің құны барлығы 120 000 теңге. Ең жоғарғы алаңы 110 ш.м.

Осы тұрғын үйді сатып алу үшін Талдықоған қаласы, Төлебаев көшесі 86,

Қаскелен қаласы, Байғазиев көшесі 35/58 банк бөлімшесіне хабарласа аласыз.

Телефон: +7 708 682 81 94. Армандаған үйіңізді сатып алуға асығыңыз!

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK