Мерекеде қандай сыйлық күтесіз?

311
Дереккөз

Шұғылалы  көктемнің  шырайын  кіргізіп, әсем де асыл жандардың мерейін үстемдететін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп қалды. 8-наурыз аналарды құрметтеуді, аруларды қадірлеуді дәріптейтін ұлы мереке. Бұл күні әр нәзік жанды сый-сыяпат не болмаса жүрек жарды ақ тілек күтері анық. Талдықорғандық арулардан осы бір сауалға жауап алған болатынбыз.

8-наурыз күні қандай сыйлық күтесіз және кімге сый-сыяпат дайындамақсыз?

 Қарлығаш  Жорабекова, есепші: Бұл мейрам жылына бір рет келетіндіктен ерекше бір сыйлықты күтетінім рас. Нақтырақ айтсақ ыдыс-аяқ жинағы және алтын алқа дер едім. Ал өзім сыйлықты анама, қызыма, келініме дайындамақпын.

Жадыра Садыкова, мұғалім: 8-наурыз күні жақындарымнан жақсы бір иіс су күтемін. Ал өзім анама сыйлық жасамақшымын. Жоспарым бойынша анама әдемі алтын алқа алармын.

Айнұр Қожахметова, заңгер: Мен бұл күнде алғым келетін сыйлықтар өте көп. Соның ішінде IPhone  ХS, және әдемі сөмке. Ал өз басым сыйлық жасайтын адамдар өте көп. Қазір  әріптестеріме дайындап жүрмін.

Әсем Құрманғалиева, студент:  8-наурызға алғым келетін сыйлық сағат, гүл, браслет. Және  әдемі құттықтау болса. Өзім сыйлықты анама, құрбыларыма дайындармын.

Раногүл Мусалимова, жеке кәсіпкер: Мен жақындарымнан әшекейлер жинағын және жақсы иіс су күтемін. Ал сыйлықты сол жақындарыма жасаймын.

Жұлдыз Қожабекова, аспаз: 8- наурыз күні аса үлкен сыйлық күтпеймін. Өз басым қолдан дайындалған сыйлықтарды жақсы көремін, ең бастысы шын жүректен болса жеткілікті. Ал өзім сыйлықты қызыма жасаймын. Оқу үстелін алмақшымын.

Жұлдыз Рахимжанова, әкімші:  Мерекеде мен әдемі гүл, жақын жандармен бас қосу күтемін. Ал өзім анама және әжеме сыйлық дайындадым.

Сәуле Туреева, тазалықшы:  8-наурызға ұжыммен ақылдасып жеребе тастап бір-бірімізге сыйлық дайындайтын болдық. Ал өзім сыйлықты туыстарыма дайындаймын.

Ғалия Нұрбек, студент: Мен сыйлық алғанды да, сыйлық жасағанды да жақсы көремін. Егер маған сыйлық жасаса шын көңілден, керегіме жарайтын, ұзақ пайдалана алатын  қалар едім. Және ең басты арманым қазір ол сурет тақтасы (мальбред) еді негізі. Сыйлықты мен әпкеме,анама дайындаймын.

Расымен қандай сыйлық болса да шын көңілден, адал жүректен болғаны абзал. Адам көңілін жібітіп, өмірге шырай қосатын осы сынды мерекелер көп болса игі. Өмірдің нәрі, көңілдің әрі саналған барша қазақ елінің ақжаулықты апаларын, асыл жанды аналарын,  кербез-сылқым аруларын осы бір керемет мерекемен ізгі көңілден құттықтағымыз келеді.

 Салтанат ИРҒАИПОВА.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK