Мерекеде балаларым тосынсый жасайды

100
талдықорған қаласы №7 орта мектептің мұғалімі
дереккөз
— Ұлағаттың бәрі анадан  тараған. Дүйім дүниенің, жалпақ жалғанның бар асылын, бар ғаламатын аналарға сыйласақ артық емес. Биылғы  көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында  Елбасының   көпбалалы отбасыларына жасалар қамқорлығын естіп қатты қуандық.

Сондай-ақ, мұғалімдер  қауымы үлкен  үміт артқан  «Педагог мәртебесі туралы» Заңы да әзірлену үстінде. Отбасымызда төрт ұлды отағасы екеуіміз тәрбиелеп отырмыз. Олардың  еліне адал, ақылды, шыншыл, бір-біріне қамқор, шаңырағымызда ата-ананы, мектепте ұстаздарды құрметтеуге баулимыз. Әр мерекені отбасымызда ерекше өткіземіз. Ал 8-наурызда балалар үнемі тосынсый жасап жүреді. Барлық аналарға  бақытты да шаттықты күндер көп болсын деймін, береке-бірлік тілеймін.

                                                                Айгүл Әбілмажинова,

                                                    №7 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK