Көпбалалы отбасылар әлеуметтік көмекті 1 сәуірден бастап алуы керек. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  taldykorgan-online.kz.

«Көмекке аса мұқтаж табысы аз азаматтар, көпбалалы отбасылар биылғы 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмекті алуы тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында. Қазақстан Президенті мемлекеттік органдар басшылары мен облыс әкімдерінің жұмысын бағалау азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасы деңгейіне тікелей байланысты болатынын атап өтті. Айта кетейік, кеңеске Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK