8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында Талдықорған қаласындағы көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқалары берілді. Мерекеге орай аталмыш награданы қала әкімінің міндетін атқарушы Талғат Сайлаубекұлы арнайы табыстады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

«Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарға құрмет көрсету – біздің перзенттік парызымыз. Көктемнің шуақты мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отабсыларыңызға ырыс, береке, баянды бақыт тілеймін», — деді Т.Қыдыралиев.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 қаңтарда және13 ақпанда шыққан Жарлығына сәйкес «Алтын алқамен» жеті «Күміс алқамен» отыз ана марапатталып отыр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK