Негізі, аналарымызға, әпке, қарындастарымызға тек 8 наурызда ғана ілтипат білдіріп, сыйлық жасау дұрыс емес. Оларға күнделікті құрмет көрсетіп, жылы шырай танытып жүру – ер азаматтардың басты міндеті. Өйткені, ана мен қыз баласы – ұлттың қазынасы. Бізді үлкендер осылай тәрбиелеген. Әйел бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тербетеді деген сөз бар. Кешегі жауға шапқан батыр бабаларымыздың барлығы да ана тәрбиесінен тәлім алған. Десе де, бұл көктем мерекесі ғой. Осы орайда, жүрек жарды ыстық лебізімді білдіргім келеді. Құрметті нәзік жандылар! Әрқашанда әдемі, жылы жүректі, абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Сіздерге зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

Ардақ Назаров,

ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK