Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Болгарияның атақты «Левскиге» қосылу үшін ресейлік «Уфа» клубынан шығып кетті, — деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Бұл туралы «Уфа» клубының ресми сайтында жарияланған. Аталған ақпаратты болгариялық команда да растап отыр.

Еркебұлан ресейлік клубқа 2018 жылдың қыс мезгілінде «Тараз» командасынан ауысып барған еді. Осы уақыт аралығында 4 ойында жасыл алаңға шықты.

«Қазақтың Мессиі» ұлттық құрама сапында 6 кездесуге қатысып, 2 гол соқты.

Айта кетейік, Болгария астанасы София қаласының намысын қорғайтын «Левски» клубы 1914 жылы құрылған. Бұл ұжым еуропадағы атақты командалардың қатарына кіреді.

«Левски» Болгарияның 26 дүркін ел чемпионы атанған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK