Партия съезі үлкен жауапкершілік жүктеді

471

Гүлнар Тойлыбаева,  «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

-Қазақстан Республикасының  Президенті, Елбасы, Партия төрағасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті съезі  көңілімізге үлкен үміт сыйлады. Әр партия мүшесіне  зор міндет пен жауапкершілік жүктеді.

   «…Партия қоғамның қалың топтарын біріктіре отырып, қазақстандықтарды жалпыұлттық міндеттерді шешуге жұмылдыра алды. «Нұр Отан» қоғамның барлық сұраныстарына шұғыл үн қататын топтастырушы, жауапкершілікті және халықтық саяси ұйымға айналды…», – деп атап көрсетті Елбасы.

 Партияның 20 жылдығына орай қолға алынған шаралар сараланып қана қоймай,   жұмысты жаңғырту, сандық жүйеге ауысқан жаңашыл ұйымның алдына қойылған міндеттер де, мақсаттар да мол болды.  Жиынға Алматы облысынан 100-ге жуық делегат қатысып қайттық. Болашаққа бағытталған істердің негізіне 2030 жылға дейін  яғни,   алдағы  10 жылға он мақсатты алға қойылды. Жаңа бағдарламаның басты салалары – әлеуметтік тұрақтылық, ана мен бала өмірін қорғау, білім берудің жаңа деңгейіне көшу және жұмыс жасаудың цифрлық форматы болмақ. Айқындалған бағдарламасы бар партия ұйымы халықпен тығыз байланыста жұмыс жасай береді. Ел дамуы жолындағы стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға ерекше мән береміз деп ойлаймын. Партияның жауапкершілік жүгі еселене түсері сөзсіз.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK