Қазыналы Қарасай — құтты мекен

530
Дереккөз

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі  алаңында  өткен баспасөз мәслихатында Қарасай ауданының әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында мәлімдеді.  

Ең әуелі Жандарбек Далабаев  2018 жылдың қорытындысына тоқталып,  атқарылған шаруалар легін баяндады. « 2018 жылы Қарасай ауданында  өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласы бойынша жоғары деңгейдегі жұмыстар жасалынды. Ауданның экономика саласында да үрдіс жақсы, қарқынды  көрсеткіштерді көрсетуде. Барлығы арнайы стратегиялық жоспармен жүріп жатыр. Алдағы таңда бұл көрсеткіштерді төмендетпей, ілгерілетуге деген жұмыстар да толық орындалуда. Әр айда барлық атап өтілген салалар бойынша мониторинг жүргізіліп отыр. Қазіргі таңда ауданымыз облыстық бюджеттің 10% — дық үлесін құрайды. Бұл дегеніміз Қарасай ауданы ілгерілеп даму жағынан сәтті қадамдар жасауда дегенді аңғартады». Аудан әкімі ең өзекті деген су және электр жүйесі жайында қойылған  сауалдарға  жауап берді. « Ауданда және аудан маңындағы елді мекендерде бұл мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Айта кетсек, Батан ауылдық елді мекенінде үлкен электр станциясы салынуда. Бұл жұмыстарды «Алматы жарық» компаниясы өз жауапкершілігіне алған. 2018 жылы Көкөзек ауылында да үлкен станция құрылысы басталған болатын. Ал, су жүйесіндегі мәселелердің жоба бойынша алдағы екі жылда толық шешімі табылмақ»-деді.  Елбасының Жарлығымен бекітілген Жастар жылы  да аудан әкімдігінің назарынан  тыс қалмақ  емес. Жастар жылында ең алғашқы атқарылатын шара жастарды толық жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Салтанат ИРҒАИПОВА.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK