Еркін ауылы спортшылары
дереккөз

Жастар жылының  аясында  Еркін ауылдық округі әкімінің жүлдесі үшін  жасөспірімдер арасында дзюдодан ашық облыстық  турнир ұйымдастырылды. Ауыл әкімі Қайрат  Матаев  аталған турнирді өткізуге өз ықпалын тигізе отырып, демеушілік етті.

Турнирге облысымыздың құрметті азаматтары, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Теңізбаев, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері М.Мамыров  жылы лебіз білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Ал  ауыл ақсақалдары мен шаруа қожалығының  басшылары және жеке кәсіпкерлер  өз  қолдауларын білдірді.

Тартысты турнирдің қорытындысы бойынша 1 — орынды   Еркін  ауылы, 2 — орынды  Талдықорған қаласы , 3 — орынды  Алакөл ауданының спортшылары еншіледі.

Екі күнге ұласқан турнирге   14 команда және 320 спортшы  қатысып , жеңімпаздарға қаржылай сертификат табысталып,  медальдармен, дипломдармен марапатталды.

Елімізде дзюдо жоғары деңгейде дамып келе жатқанын осындай жарыстардың  жиі ұйымдастырылуынан  байқауға болады. Осы орайда, Елбасымыздың «Елдің болашағы –жастардың қолында» деген қанатты сөзі  әр  өреннің мақсатына айналуы тиіс . Жарыс ұйымдастырушылары  Жастар жылына арналған шаралар өз жалғасын табады деген сенімде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK