Ғ.Сарыбаев
дереккөз

Елордамызда «Нұр Отан» партиясының XVIII- съезі өткізілуі үлкен міндеттер мен мақсаттарды жүктеп отыр. Осы ретте, «Нұр Отан» партиясы  Алматы облыстық филиалы жұмысын саралап, нәтижелі қорытынды шығарып отыр. Өңірде партияның 20 филиалы, 345 бастауыш партия ұйымының 2416 топтарында  114 мыңнан астам партия мүшесі тіркелген. Екі жылда партия қатары 21131 мүшемен толыққан.

Алматы облыстық партия  филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева,қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Төлеген Жанысбек, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Ақболатов  ұйымның 20 жылдығына орай өткізілген баспасөз  мәслихатында атқарған жұмыстарды тілге тиек етті.

Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгінде 44 IT   және 2 IT орталық ашылған.Сондай-ақ, Талдықорған қаласында  IT мектеп –лицей пайдалануға беріліп,  балалар жаңа технологиялық бағытта білім алуда. Astana Hub стартаптар технопаркі барлық өңірде цифрландыру жұмыстарының жаңа кезеңін бастап берді.

«Қазақстанның кітапханалары»: заманауи білім орталықтары – бұл партиялық жоба аясында 26 коворкинг орталықтары ашылды. Ұлттық аударма бюросында Алматы облысынан 100 кітап жинақталып, сандық жүйеге ауыстырылды. Үстіміздегі жылы аудандық, қалалық партия филиалдары ұйымдастыруымен қоғамдық  бақылау тобы   жолаушы тасымалдаушы көліктерге мүмкіндігі шектеулі  азаматтардың  бейімділігін тексеру мақсатында рейд жүргізді. Шара барысында 119 автокөлік тексеріліп, оның 30-дан астамы мүгедек жандарға қызмет көрсетуге сәйкес емес екендігі анықталды. Тиісті мекемелерге хат жолданды. Жалпы облыс мектептері асханаларының    567-сі ыстық тамақпен, 88-і буфеттермен қамтылған. Тамақтану көрсеткіші 86,4 пайызды құрайды. Мектеп асханаларындағы тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізуге ведомствоаралық сарапшылар тобы құрылып, олар 160 білім  ордасына сараптама жасады.

Кадрлық резервке ұсынылған азаматтар қайта іріктеуге алынып, оның құрамына 959 партияласымыз енді.

Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға партия өзіндік істерге ықпал етуде.

«Бизнестің  геоақпараттық  онлайн  сервисі» жобасы тізілімінде  жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасында  114 Ұлы Отан соғысы ардагерлері, бір ғасыр өмір сүрген 52 анаға, 2116  жалғыз басты тыл еңбеккерлеріне және 54 көпбалалы отбасына көмек көрсетілді. «Достық» үйінде  зейнеткерлер үшін тегін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды.

2019 жылдан бастап қоғамдық қабылдауларда медиацияға байланысты пилоттық режимде « Татуластыру орталығы» жұмысын жандандыруда.

«Жас Отан» жастар қанатының . 26403 белсенді мүшесі бар.Облысымызда сегіз жобаны іске асыруда.

Университет еріктілері шалғай ауылдарда және жазғы демалыс лагерлерінде 3268 балаға ағылшын тілін үйретті. Тегін ағылшын тілін ауылдық мектеп оқушыларына үйретуде.  «Ауыл жастары» жобасының негізі жастарды  кәсіпкерлік дағдыларға үйретуге бағытталған.Бүгінгі күні кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген 804 жастың 147-сі несие алып, кәсіптерін бастады. « Бизнес Ментор»- бұл  мобилді қосымша. Оған кез келген жас кәсіпкер, еліміздің табысты бизнесмендерімен – менторлармен араласып, ақыл-кеңес сұрай алады. Ал  «Diqital  Nation»-  ай сайын жастар арасында ашық алаңдар құрып,  оны тұрақты жүргізуде.

  «Bilimortalyqy» жобасы кітапханаларды жаңғырту және жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады.

Өткен жылы заңды және азаматтардың жеке сұрақтары  бойынша 4 мыңға жуық қабылдау өткізіпті.  Парламент Мәжілісінің депутаттары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, партия филиалдарының төрағалары, аудан, қала әкімдерінің орынбасары азаматтарды қабылдап, оңтайлы шешімін тапқан мәселелер жетерлік.

Осы жылдың 20 ақпанынан бастап партия филиалы жанынан «Бірыңғай әлеуметтік терезе» республикалық акциясы бастау алды. Партия жетекші саяси күш ретінде, елдің бірлігіне, өркендеуіне жұмыс жасайтын болады.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK