Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жуырда Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберіп, оның орнын жаңа құраммен жасақтады. Яғни, мемлекет басшысы қайта тағайындау туралы қаулыға қойып, үкімет үйіне бірнеше өзгерістер жасап отыр. Министрлердің ішінде өз орнында кім қалды және жаңа қызметке тағайындалған кімдер екенін taldykorgan-online.kz назарларыңызға ұсынады.

Үкіметтегі өзгерістер Нұрсұлтан Назарбаевтың премьер-министр қызметіне Асқар Маминді тағайындауынан басталды.

Асқар Мамин

Оның кандидатурасын мәжіліс мақұлдаған соң мемлекет басшысы тағайындау туралы қаулыға қол қойды. Осыдан кейін Қазақстанда жаңа министлер кабинеті құрыла бастады.

Жаңа лауазымдар

Жеңіс Қасымбек елдің вице премьер-министрі атанды. Отставкаға дейін ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарған.

Гүлшара Әбдіқалықова да вице премьер-министр қызметіне келді. Бұрын ол мемлекеттік хатшы болған.

Тағы бір вице-министр болып Әлихан Смайылов тағайындалды.

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл министрлікті ұзақ уақыттан бері алғаш рет ер азамат тізгіндеді.

Осыған дейін министрлікті Мадина Әбілқасымова, ал оның алдында Тамара Дүйсенова басқарған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі-Роман Скляр. Бұрын ол дәл осы министрлікте вице-министр қызметін атқарған.

Ауыл шаруашылығы министрі — Сапархан Омаров. Бұл қызметте Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің бұрынғы басшысы Сапархан Омаров Өмірзақ Шөкеевті алмастырды.

Білім және ғылым министрі-Күләш Шамшидинова. Ол бұрынғы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің орнына келді.

Бұрын Шамшидинова «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасының төрайымы болған.

Ұлттық экономика министрі- Руслан Дәленов. Бірінші вице-министр енді министр атанды.

Руслан Дәленов Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті алмастырды.

Ал, Ұлттық банктің төрағасы болып Ерболат Досаев тағайындалды.

Өкілеттіктің артуы

Қаржы министрі-Әлихан Смайылов. Басқа министрлермен бірге отставкаға кеткен Әлихан Смайылов өз орнын сақтап қана қоймай, өкілеттігін арттырды. Қазір ол премьер-министрдің бірінші орынбасары-Қаржы министрі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі-Дәурен Абаев. Мемлекетте тек қана жаңа министрлер ғана емес, министрліктер де пайда болды. Қазақстанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қоғамдық даму министрлігі таратылып, оның орнына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құрылды.

Осылайша, бұрынғы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің орнын сақтап қана қоймай, құзіреттілігі жоғары министрліктің басшысына айналды.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі — Асқар Жұмағалиев.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып өзгерді. Оны бұрынғы премьер-министрдің бірінші орынбасары-Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі басшысы Асқар Жұмағалиев басқарды.

ҚР Қорғаныс министрі — Нұрлан Ермекбаев.

ҚР Әділет министрі — Марат Бекетаев.

Өз орынында  қалғандар

Ішкі істер министрі-Ерлан Тұрғымбаев. Отставкаға дейін бір апта бұрын ғана қызметке келген Ерлан Тұрғымбаев өз орнында қалды.

Денсаулық сақтау министрі- Елжан Біртанов. Денсаулық сақтау министрі өз орнын сақтап қалды. Ол бұл қызметке 2017 жылдың қаңтар айында келген.

Сыртқы істер министрі- Бейбіт Атамқұлов. Бұрынғы сыртқы істер министрлігінің басшысы өз ведомствосын қайта басқаратын болды.

 

Бейбіт Атамқұлов бұл қызметке 2018 жылдың 26 желтоқсанында тағайындалған. Оған дейін шенеунік Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарған.

Мәдениет және спорт министрі-Арыстанбек Мұхамедиұлы. Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз қызметінде қалды. Ол бұл қызметте бес жыл жұмыс істеуде.

Энергетика министрі-Қанат Бозымбаев. Энергетика министрлігінің басшысы Бозымбаев бұл қызметті үш жылдан бері атқарып келеді. Отставкадан кейін ол өз қызметіне қайта оралды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK