Жастарға қызмет көрсету орталығында Алматы облыстық полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» студенттік жасағының мүшелерімен кездесу өтті.

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен өткен шараның мақсаты жастар арасындағы әлімжеттік, бопсалау сынды құқық бұзушылықтың алдын алып, оның өсуіне жол бермеу.

Құрамына 13 аудан мен үш қаланың жоғарғы және кәсіптік- техникалық білім беру мекемелерінен 18 жастан асқан 300 ерікті студенттері бар жасақтың  құрылғанына небәрі бір-ақ жыл болды. Бірақ атқарған шаруалары жетерлік.

Рухани адамгершілік құқықтық тәрбие беру бөлімінің басшысы Ерлан Шопантаевтің сөзіне сүйенсек, аталмыш топтың жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе атқарған жұмыстары көп. Нақтырақ айтсақ, қылмыстың алдын алу мақсатында 32 іс-шара өтіп, арнайы рейдттер арқылы 211 құқық бұзушылық фактілері ашылды. Оның ішінде әкімшілік 178,  қылмыстық 33, 27 ұрлық және 6 бұзақылық әрекет анықталған.

Алдағы уақытта әлуметтік тапсырыстар аясында «Жалын» студенттік жасағын аранайы куәліктермен қатар кеудеше, бас киімдермен жаңадан жасақтап, санын арттыру жоспарланып отыр.

Осылайша, облыс жастары полиция қызметкерлеріне көмектесіп, темірдей тәртіптің орнауын қадағалауда.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK