Марафон жалауы табысталды

347
Дереккөз

Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі «Саналы ұрпақ — жарқын болашақ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының жалауын салтанатты түрде қабылдады.

Дереккөз

«Аталмыш  марафон Алматы облысының 65 колледжінде ұйымдастырылып отыр. Бұл марафон елімізде бірінші рет өз мәртебесін алуда. Соған қарамастан, қазірдің өзінде нәтижесін көрсетіп, үлкен жетістікке жетудеміз. Көптеген білім беру мекемелерінде «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» ұйымдары құрылып, жастар белсенділіктерін танытуда. Облыс бойынша «Адал  ұрпақ» ұйымына қазіргі таңда 250 мыңнан аса оқушылар мүше болған. Биылдан бастап «Саналы ұрпақ» ұйымдары өз жұмысын бастады. Марафонды ұйымдастырудағы негізгі мақсат сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастырып, жастарды адал жолда тәрбиелеу, өскелең ұрпаққа жаман әдетсіз өмірдің жолын ашу болып табылады» — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Асқар Садықов. Талдықорған қаласы бойынша марафон жалауын алғашқы болып Талдықорған политехникалық колледжі ұстаса, келесі кезекте Талдықорған агротехникалық колледжіне табысталған. Бұл жолы эстафета жалауын Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі салтанатты түрде қабылдады. Колледж директоры Әсет Жұмаділов алдағы таңда ұйымдастырылатын шаралармен таныстырып, артылып отырған үлкен үмітті ұжым болып жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді.

 Салтанат ИРҒАИПОВА

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK