Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өз жұмысында жобалық менеджмет бағытын ұстанып келеді. Осы ретте, жыл басынан қарқынды жұмысын бастаған «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында «Саналы ұрпақ», «Protecting Business and Investments» инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау жобасы және «Адал жол» жобаларының жұмысы үйлестірілетін болады.

Жастар жылының аясында «Саналы ұрпақ» жобасын жүзеге асыру барысында Сулейман Демирел университетінің базасында Алматы облысының бес ауданынан 160 мектеп директорының қатысуымен Sana Talks жобасының алғашқы сессиясы өтті.

Іс-шара жұмысына СДУ президенті Мейірбек Мажитов, Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев, сарапшы-бизнес тренерлер, облыстық «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының үздік топтары, СДУ студенттері мен оқытушылары қатысты. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мемлекеттік және орта білім беру мекемелерімен тығыз байланыста бірлескен серіктестік орнатудың маңызды екені анық.

Аталған Sana Talks бағдарламасы аясында мектеп басшылары Назарбаев зияткерлік мектебінің білім беру саласындағы үздік тәжірибесімен танысып, «Стресс менеджмент», «Таңғажайып ұстаздар және оларға тән басты қасиеттер», сонымен қатар «Санаға кері әсер ететін мәдениет» тақырыптары бойынша арнайы шеберлік сағаттары мен тренингтерден өтті.

Өз кезегінде «Protecting Business and Investments» жоба жүзеге асқалы бері Департамент қорғауына жалпы құны 450 млрд. теңгеден асатын 19 инвестициялық жоба алынған.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK