Суды үнемдеуге арналған алдыңғы қатарлы ынтымақтастық пен технологиялар

201
Дереккөз

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның даму бағдарламасы Алматы облысы Әкімдігінің атынан «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-мен, Global Water Challenge және Coca Cola бейкоммерциялық ұйымдармен бірлесе «Алматы облысы Талдықорған қаласындағы автоматтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі жаңа тәсілдемелерді және шоттарды ұсынудың электрондық жүйесін үлгі ретінде көрсету және диспетчерлендірудің пилоттық жүйесін іске асыру» жобасын жүзеге асыруға (Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 2018-2020 жж.) кірісті.

Жобаның мақсаты автоматтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі жаңа тәсілдемелерді көрсету және шоттарды ұсынудың электрондық жүйесін үлгі ретінде және пилоттық жүйені іске асыру болып табылады.

Іске қосу кезінде ыстық суды азайтып, оны тиімді пайдалану мақсатында біз көп пәтерлі үйлерде автоматтық ыстық суды беру жүйесі су құбырларының қайта айналымын енгізуге ниеттіміз. ТҮКШ саласына сандық жүйеге көшіруді енгізу шоттарды тұтынушыларға қағаз нұсқаларында ұсынуды тастауға, сондай-ақ, халықты заманауи сандық технологияларды пайдалануға тартуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде деректерді диспетчерлендіру орталығына тиімді сымсыз табыстаумен сумен жабдықтау жүйесін автоматтандыру технологиясы көрсетілетін болады, сонымен қатар, ыстық судың қайта айналу жүйелері орнатылады.

Жоба үш компоненттен тұрады:

— автоматтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесін және орталықтандырылған диспетчерлік жүйені көрсету;

— ескі көп пәтерлі үйдегі біріктірілген ыстық сумен жабдықтау жүйесі;

— алдыңғы қатарлы сумен жабдықтау жүйесі туралы хабардарлықты арттыру.

Осы компоненттер шеңберінде «Жетісу Су арнасы» МҚҚК-ның сумен жабдықтаудағы алдыңғы қатарлы технологиялар және тәсілдемелер бойынша әлеуетін дамытуға, халықтың сумен жабдықтау жүйесі және суды есепке алудың тиімді жүйелері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған белгілі жұмыс ескерілген. Веб-технологиялардың пайдаланылуымен клиенттердің дерекқорларын және есепке алу жүйелерін құру және төлемдерді, банктік үзінді көшірмелері мен жазылушыларға арналған ай сайынғы шоттарды автоматты есептеу функцияларымен электрондық шоттарды ұсыну жүйелерін, сондай-ақ функциялары автоматтандырылған бір орталықтандырылған диспетчерлік орталығын енгізу жоспарлануда.

Екі жылдық жұмыс нәтижелері бойынша бірлескен серіктестік жұмыс 45 үй шаруашылығын пилоттық режимдегі су шығыны туралы сымсыз деректерді табыстаумен қамтамасыз ететін болады. Талдықорған қаласындағы пилоттық көп пәтерлі үйдегі ыстық сумен жабдықтау бойынша құбырлар жүйесін оңтайландырады, және ең бастысы, инновациялық жылумен, сумен жабдықтау және үнемдеудің заманауи технологиялары мен үлгілерін көрнекі көрсететін болады.

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK