Саналы ұрпақ – жарқын болашақ

769
Дереккөз

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен білім беру мекемелері арасында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Атап айтар болсақ,  облысымызға қарасты  аудан-қалаларда 165-тен астам  мектеп директорларына семинар-тренингтер жүргізілген болатын. Осы бағыттағы жұмыстарды кеңінен жүзеге асыру, жас ұрпақты  тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Саналы ұрпақ» жазғы лагері жобасының таныстырылымы өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев, Сүлеймен Демирел атындағы университет басшылығы мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев  қатысты. Қатысушылар «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялардың зертханасына айналмақ. Жобаның мақсаты – азаматтардың көзқарасын өзгерту мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениет пен сананы қалыптастыру. Ұлт болашағы саналар өскелең  ұрпақты дұрыс жолға бағыттау»-деді. Сүлеймен Демирел атындағы университет президенті Мейірбек Мажитов «Жастар үшін маңызы зор шараны тек бір жылдық жоба ретінде қарастыруға болмайды. Міндетті түрде жалғасын табуы қажет деп ойлаймын»-деп атап өтті. Айта кетейік, жазғы оқыту лагері аталмыш заманауи оқу орнының аумағында орналасқан. Оқу бағдарламасы университеттің оқыту базасы негізінде арнайы жасалып, білім алушылардың кәсіби тұрғыда шыңдалуына  ықпал етеді. 10 маусым мен 15 тамыз аралығында өтетін лагерьге 2000 баланы қабылдау жоспарлануда.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK