б. Жолбарысұлы атындағы мектеп
дереккөз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласында  ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті.  Сондай-ақ, біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Қаламыздағы  Б. Жолбарысұлы атындағы  мектеп-лицейінде  қалалық ардагерлер ұйымының бастамасымен өтетін  «Ата-баба дәстүрі — ұрпаққа аманат» атты   сыныптан тыс тәрбие сағаты ұйымдастырылды.  «Ер ел үшін туады..» атты шараның негізгі мақсаты оқушыларға ата-баба аманатын түсіндіру, Отанымыздың тұтастығы, тектілік, даралық сияқты  ерекше қасиеттерімізді  үлгі ету болып табылады.

Халқымыздың бай тарихы ұлттық мақтанышымыз рухындағы шара ең алдымен мектеп-лицейдің ауласында «Орбұлақ» шайқасы қойылымынан бастау алды. Содан кейін домбырашылар ансамблі Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін құйқылжыта орындады. Ал білім ордасының  2-қабатында 5-6 сынып оқушылары «Батырлар ұраны» әнін хормен айтты. Келген қонақтарды  бишілер тобы қарсы алды.

Тәрбиенің тал бесігін тербеткен ақ жаулықты  әже-аналарымыз,   асқар таудай ата-әкелеріміз, Сіздер ортамызда болғанда біздің  жігеріміз  мықты, рухымыз биік!-деп бастаған жүргізушілер сөзінен соң  шара басталып кетті. Мектеп басшысы Ш.  Құдайбергенов : «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев : «Бүкіл алашқа жасалған құрмет алдымен өз өлкеңнің тарихынан, өз адамдарыңды ардақтаудан басталады»,- деп  атап көрсетті. Тарихты, әдебиетті, өнерді бойға сіңіру өскелең ұрпақ үшін маңызды.Келекшектің тұтқасы да біздің бүгінгі оқушылар. Ұйымдастырылып жатқан шараның бәрі балалардың дүние-танымын қалыптастырады деп ойлаймын»- деді.

 Сахнаға « Бес арыстың» рөлімен оқушылар шығып, жырдан шашу шашты. Еліміздің еңсесін көтеріп, елдің ел болып қалыптасуына зор үлес қосқан ақын-жазушыларымыздың бүгінгі тарих парақтарында  алар орны ерекше. Бес арысымыздың есімдері біз үшін қашанда ұлы.

«Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің  есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы, тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы. Батырдың ерлігін дәріптеген көрініс көрсетілді.

 Ел үшін туған Елбасының қазақтың атын  әлем жұртына танытып жатқан  салиқалы істері  жетерлік. Кадет сыныбының  жас сарбаздары  «Желтоқсан» әнін  шырқады.  Ал «Жалынды жігіттер» тобы   «Ел ағалары» әнін тамаша орындап шықты.

Талдықорған қалалық ардагерлер ұйымының атынан  З. Жақатаева,Д. Сейітқұлова, Н. Қыдырәліұлы  шараға атсалысқан оқушылар мен ұстаздар қауымына өз ризашылықтарын білдірді. Бір мүдде, бір мақсат, бір болашаққа қарай алға басқан білім ордасының ұжымына ел үшін туған ерлерді ардақтау мақсатында  өткізген шара өз деңгейінде  өткенін атап көрсетті.

 

                                 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK