Талдықорған қалалық жұмыспен қамту орталығы
дереккөз

«Бірыңғай жиынтық төлем» (БЖТ) туралы халыққа түсіндіру жұмыстары, ақпараттық түрде ұйымдастырылуда.  Бұл мақсатта «Талдықорған  қаласы әкімдігінің  халықты  жұмыспен  қамту  орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың басынан бері «Бірыңғай жиынтық төлем» туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, ақпараттық жүйеде және қала тұрғындарының көп шоғырланған жерлерінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында  түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын  тұрақты түрде жалғастырып келеді.

Орталықтың  басшысы  Гүлмира Еркінқызының  мәліметінше, қаланың көрнекі орындарының үш жеріне билборд және  «Led» экраны орнатылды.

Халықтың көп шоғырланған жерлеріне  барып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары қолға алынған. Брошюра, кітапшалары таратылып,  қоғамдық көлік аялдамаларына парақшалар ілініпті.

Жеке  жолаушы тасымалдаумен айналыстын  таксистер тұрағында,   «Астана», «Алматы», «Шаған», «Евразия», «Жетісу», «Қарағаш» сауда орталығында, ірі  сауда  үйлерінің алдында және орталықтағы  «Көк базарда»  халыққа «Бірыңғай жиынтық төлемнің» басты мақсаты туралы   жан-жақты айтылды. Төлем қалай жасалатындығы, оның бейресми  жұмыспен қамтылғандарға пайдасы қандай деген сауалдарға жауап берілді.

 Халыққа қызмет көрсету орталығында  (ХҚКО) азаматтарға  БЖТ төлемдерінің маңызы мен мақсаты туралы түсіндіру, сұрақтарға жауап беру жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілді.

 Сондай-ақ,  қала орталығындағы «Қазпошта» да халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Орталықтың мамандары  арнайы жазуы бар  ақ түсті кеудешені  үстеріне киіп алып, тұрғындарға кітапшалар таратты. Өткен апта соңында  бірыңғай жиынтық төлемді насихаттау мақсатында  қала орталығының «Арбат» алаңында флешмоб ұйымдастырылды.

«Арбат» алаңы орталығына арнайы дайындалған көрнекі плакат жарнамасы қойылды. Акцияда  жұмыспен қамту орталығының мамандары  қолдарындағы брошюра-кітапшаларды тұрғындарға таратып, кеңес беріп, жұмысты тиянақты атқарды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK