көпасалалы аурухананың бас дәрігері
дереккөз

Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  Жолдауы, «Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан. Нұрлы Болашақ жолында!» Саяси доктринасында және «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасында мемлекетіміздің ұзақ мерзімді даму басымдылықтарын және қысқа мерзімді стратегиялық міндеттерді айқындап қана қоймай,  белгілі  бір  мағынада «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылуда.

Біздің мақсатымыздың өзі — 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Бұл — жаңа саяси бағыт. Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз  басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді. Осыдан 20 жыл бұрын, партиямыз жаңа құрылған кездерде біз партияның осындай нағыз халықтың қолдауына ие бола алатын партия болатынын, бүкіл елдегі саяси-экономиканың қозғаушы күші болатынын  ойладық па ? Бүгінгі күні, міне, партия өзінің барлық бастауыш партия ұйымдары арқылы партия бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.

Бұл ретте,  «Сенім»  бастауыш партия ұйымында  730   партия мүшесі есепте тұрады. Оның құрамында 9 партиялық топ біріктірілген.  Біз өз халқына және  өз еліне адал  қызмет етуді мақсат етіп отырған Елбасының ұстанған бағытын  кеңінен қолдаған  қала тұрғындары  дәулетті де сәулетті тұрмысқа қол жеткізуге еңбек етіп келеміз. Бірлігі жарасқан, ынтымақшыл ел ғана алдына биік мақсаттар қойып, оларға қол жеткізе алады. Азаматтық татулық  пен ұлтаралық келісім — біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты қаламызда татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі  арқасында бүгінде қаламыз жан-жақты дамып, өркендеп, өсіп, қанатын кең жайып келеді.

Ендеше, біз Елбасымыз, партия төрағасы Н..Назарбаевтың  сенімін ақтап, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей біріге отырып, барлық күш-жігерімізді  еліміздің  дамуы мен  өркендеуіне жұмсаймыз.

                                                                                          С. Құсмолданова,

                                              «Нұр Отан» партиясы    Талдықорған   қалалық         филиалы «Сенім» бастауыш партия ұйымының  төрайымы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK