Шинкиокушинкай каратэдан балалар, жасөспірімдер және қыздар арасында Талдықорған қаласының ашық Чемпионаты өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев пен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев сөз алып, спортшыларға жылы лебіздерін арнады.

 

Жалпы, «Жастар» спорт сарайында өткен дода тартысты өрбіді. Себебі айтулы сайысқа Алматы, Теміртау, Семей, Қаскелен, Ұзынағаш, Сарқан, Текелі және Талдықорған қалаларының құрама командалары келді. 250-ден аса спортшы татамиге шығып, өзара үздіктерін анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша Талдықорған қаласының командасы бас жүлдені ұтып алды. Ал, Қаскелен қаласының командасы екінші орын алса, алматылықтар үздік үштіктен көрінді. Чемпионаттың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің және Талдықорған каратэ орталығының кубоктарымен, медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK