І.Жансүгіров атындағы ЖМУ
дереккөз

 Биылғы  Жастар жылында студенттерге берілетін білімнің сапасы ғана емес, олардың дарындылығын арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Солардың ішінде студенттер арасында өткізілетін пәндік олимпиаданың алар  орны айырықша.

2017-2018 оқу жылында өткен пәндік олимпиадаға  І.Жансүгіров атындағы ЖМУ  студенттері де қатысып, қанжығалары майланып қайтты. Атап айтқанда, 2017-2018 оқу жылында: Ал-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен халықаралық тілдер олимпиадасында  «Аударма ісі» мамандығының  3 курс студенті  А.Идигова  ( жетекшісі С.М. Машанова )   және   Ж. Цой ( жетекшісі  А. Дубаева) 2 орындарға лайық деп саналды.

 І.Жансүгіров атындағы  Жетісу мемлекеттік университетінде өткен Х-республикалық пәндік олимпиадасында жалпы командалық сайыста үшінші орынды «Математика» мамандығының студенттері   (жетекшісі  Нурпеисов К.С.) иеленді.

2017 жылы Алматы қаласында өткен  «Қазақстан ұстаздары» атты республикалық олимпиадада «Математика» мамандығының 3 курс студенті  Д.Жанахметова  1- орынды иеленсе (жетекшісі  С. С.Сламжанова), екі жыл қатарынан (2017, 2018 ж. )«Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3-курс студенті Қ. Сердешева (жетекшісі  Э.Сергазинова )  және «CLEVER» информатика пәнінен республикалық олимпиадасында да 1-орындарды жеңіп алды.

-«География» мамандығының  студенті  А. Дәулетқазинов  Ақтөбе қаласында өткен халықаралық Педагогика және инновациялық технологиялар ғылым академиясында  халықаралық пәндік олимпиадасында  2 орынды қанжығасына байлады (жетекшісі Исабаев А.Т.).

Сондай – ақ,«Дефектология» мамандығының 3 курс студенті  Д.Абылкакова «биология» пәнінен  3 орынды иеленді(жетекшісі Садукасова Р.А.), А. Рахымбековтың жетекшілігімен«Кәсіптік оқыту» мамандығының 3 курс студенті  Т.Әділбек «физика» пәнінен  2 орын,  3 курс студенті  Ж. Ермекқызы Ж.«қазақ тілі» пәнінен   2 орын,   «Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 3 курс студенті  Р.Ильясов «физика» пәнінен  3 орын, дәл осы мамандықтың 3 курс студенті  Е.Қабылжан   «физика» пәнінен 3 орынды жеңіп алды.«Физика» мамандығы бойынша  М.Б.Чалматаев (жетекшісі А.Б. Абдулаева)  М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен олимпиадада 1 орынды  жеңіп алды.

«Педагогика және психология» мамандығының студенттері   Д.Есімжанова., Б.Ерғожа,  Д.Көкежанова,  Б.Рахим  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ұйымдастырылған олимпиадада командамен 2 орынды иеленді (жетекшісі Ахмедиева К.Н.),«Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша Н.Ауылбай (жетекшісі Хуанган О.)  Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен олимпиадада жекелей 2 орынды  иеленді.

«Химия» мамандығының студенті  А.Қобдықова (жетекшісі  М.Джетимов) Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі олимпиадада 2 орыннан көрінді. «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттері  Ғ.Дарибаев , Ы. Жұмағали ,  А.Рысбекова ,  Ғ.Талғатұлы  Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен олимпиадада командалық есепте 3 орынды иеленсе, жеке сайыс бойынша  А.Сейтбекова (жетекшісі  Г. Б.Телеуев )   1 орынды иеленді.  «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консервоториясында өткен олимпиадада  М.Мынбосынов, Телебаева А. 3 орынға қол жеткізді (жетекшілері Кунтуганова С.М.,Алсаитова Р.К.), «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті А. Арыстанова  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде өткен олимпиадада 3 орынды иеленді (жетекшісі Асылова Р.О.), «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде өткен олимпиадада М.Касымбекова жекелей 3 орынды иеленсе, Рахимбек Ә., Касымбекова М. тағыда командалық есепте 3 орынды қанжығаларына байлады (жетекшісі Адамкулов Н.М.),«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенті М. Бондарь (жетекшісі  Г.Майлыбаева). Е.Букетов атындағы ҚМУ қашықтықта өткен «Әлемдік экономика» олимпиадасында   3- орынға ие болды .

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK