Талдықорғанда «Біздің міндет — мемлекеттік қызметті кәсібилендіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында алқа отырысы өтті. Оған аймақтағы әр саланың басшыларымен БАҚ өкілдері, аудан, қала әкімдері және олардың орынбасарлары қатысты. Қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ашық  ой бөлісіп, пікір айтты.

Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған. Тілшілерге сұхбат берген департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев:  — Бүгінгі алқа жиынында айтылған негізгі мәселе өткен 2018 жылғы атқарылған шаралардың қорытындысы және алға қойған мақсат міндеттер туралы. Департамент алдын-ала сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген жоба-жоспарларды дайындап, оны бірден жүзеге асырып келеді. Атқарылған жұмыстар жалпы, ақпарат құралдары арқылы жұртқа жария етілуде. Енді осындай ашық пікір алмасудағы мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған департтаменттің жұмыстарын халық қалай қабылдады. Жемқорлықтың індет екені қарапайым тұрғындардың санасына жетті ме? Одан қалай сақтануға болады деген сауалдарға жауап алып, жемқорлыққа қарсы жұрт болып, жұмыла күресу» -деді.

Жиын соңында департамент басшысы кәсіпкерлерді қолдау жобасы аясында бірнеше кәсіпкермен ортақ келісімге қол қойды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK