Ауған соғысының батырларын еске алды

239
Дереккөз

Қалалық орталық балалар кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты «Ауғанның от жалыны» атты  жиын өтті.

Дереккөз

Шараға  Талдықорған қалалық  №2 мектеп оқушылары мен ұстаздары және кітапханашылар қатысты. Сабақтың негізгі мақсаты өсіп келе жатқан жас өрендерге соғыс ардагерлері жайлы мәлімет беру, Ауған соғысы туралы  ақпараттармен қамту және жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту. Жиын барысында оқушылар  баяндама оқып, деректі фильм тамашалап, көкейге түйген әсерлерімен бөлісті. «Ауған соғысының батырлары, қаһарман ардагерлері біз үшін үлгі-өнеге, зор мақтаныш. Себебі, батырлық пен батылдықтың арқасында біз осындай тәуелсіз елдің ұрпақтары болып өсіп келеміз. Біз Ауған ардагерлеріндей соғыс майданына түспесек те еліміздің адалдық жолында күрескен батырлары болғымыз келеді. Еліміздің көк Туын мәңгі желбіретуді қалаймыз» — деді 7-сынып оқушылары Талғат Алахышов пен Шыңғысхан Нұрғали. Қалалық орталық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі Фариза Жакупова балаларды ардагерлерді құрметтеуге, отансүйгіш, елжанды болуға шақырды. Осындай шығармашылыққа жақын шәкірт тәрбиелеп жүрген ұлағатты ұстаз  Әсем Мырзағұловаға  кітапхана ұжымы алғыс білдірді.

Салтанат ИРҒАИПОВА.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK