Талдықорғанда өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигельдинов БАҚ өкілдеріне өткен жылы атқарған шаруаларын баяндады. Сонымен қатар  үстіміздегі жылы жоспарлап отырған шаруаларымен бөлісті.

Аудан басшысы айтқандай, Кербұлақ халқы үшін 2018 жыл табысты басталып, әр  саладағы міндеттер артығымен орындалған. Оған бюджетке түскен салық көлемі 1 млрд. 625 млн. теңгені құрап, жоспар 112 пайызға көтеріліп, өткен жылмен  салыстырғанда 170 млн. теңгеге асқаны дәлел.

Өңірдегі құрылыс жұмыстарының да қарқыны артқанын байқауға болады. Мәселен, былтырғы жылдың жалпы қорытындысы  8 млрд. теңгені құрап, осыған дейінгі есептен 3 есеге өскен.

Баяндама соңында қойылған сұрақтарға қанағаттандырарлық  жауап берген М. Бигельдинов тек қыс мезгілінде жолдардың жабылып, тұрғындарға қиындық туғызатынын айтты. Себебі, Кербұлақ ауданынына қарасты елді-мекендердің басым бөлігі қар тым көп жауатын аймақтарда орналасқан. Бірақ, жолаушыларды ұзақ бөгелтпеу  үшін тиісті шаралар атқарылып, мемлекет тарапынан қаржы аударылғанын мәлімдеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK