Құрметке ие батырлар

317
Дереккөз

Жастарға қызмет көрсету орталығында Ауған соғысының аяқталуына  30 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым – ұрпақ парызы» атты ардагерлер қауымымен  жастардың кездесуі өтті.

Аталмыш шараға Алматы облысы Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы  Қайрат Жанабаев, облыстық ұрыс әрекеттері ұйымының ардагерлер төрағасы Бауыржан Барлыбаев, Алматы облысы әуе десанты ұйымының төрағасы Еркін Ерғожанов, Талдықорған қаласы қарулы күштер ұйымының төрағасы Талғат Бердікенов, Әскери техникалық мектебі  директорының орынбасары, Ауған соғысының ардагері Мұрат Құрманов және Ауған соғысының ардагері Асхат Ауғанұлы қатысты.  Ерліктің туын ұстап, батырлықтың белесіне шыққан ардагерлер бүгінде құрметке ие, қадірлі азаматтар. 1979-1989 жылдар төл тарихымыздың сахнасынан ерекше орын алатыны рас. Сұрапыл соғыс легін жалғаған бұл майдандағы 18 жасар жауынгерлер бүгінде ел ағасы, халықтың беделді тұлғалары. «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады» — деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, өңіріміздегі жастардың патриоттық рухын жоғарылату мақсатында Ауған соғысының  ардагерлерімен кездесу ұйымдастырып отырмыз.От пен оқтың аясында жүрген азаматтардың елге оралуы, майдангер батырлардың бастарынан өткен оқиғалары жайлы жастар біліп жүрсін деген мақсатта ұйымдастырылған шара болып табылады»- деді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Жомарт Қаратас. Жиын барысында сөз алған ардагерлер жастардың патриоттық рухын оятып, қасиетті елімізді қастерлеуге, ұлағатты ұрпақ болуға шақырды. Елдің ертеңі, болашақтың атар таңы саналатын жастар да бұл маңызды кездесуден көкейге түйерлік ақпарат алып, сауалдарын қойды.

 Салтанат ИРҒАИПОВА.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK