Оқушыларды кәсіби бағдарлау – заман талабы

470
Дереккөз

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жастарды кәсіби бағдарлау мәселелері: қазіргі жағдай және олардың жүзеге асу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің мақсаты — қалалық ұйымдардың өкілдерімен тәжірибе алмасу, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау мен жастардың мансаптық өсуі мен жеке өсуіне жәрдемдесу тетіктерін дайындау және енгізу бойынша шешімдерді бірлесіп іздеу.

Дөңгелек үстел жұмысына «Didakt-kz» кәсіби бағыт-бағдар беру және мансапты жоспарлау орталығы, қалалық Білім бөлімі, облыстың Кәсіпкерлер палатасы, Талдықорған қаласы әкімдігінің өкілдері және Жетісу мемлекеттік университетінің жастары қатысты.

Дөнгелек үстел барысында 8-9 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған кәсіби бағдар бойынша диагностикалық тест, «Х адамдар: Мамандықтар әлеміне саяхат» атты ауқымды квест ойынын Гүлбарам Адамбаева «Didakt-kz» кәсіби бағыт-бағдар беру және мансапты жоспарлау орталығының директоры ұсынды.

Гүлбарам Саветқалиқызының айтуынша, елімізде жыл сайын ондаған социологиялық зерттеулер жүргізілуде, оның нәтижесі төмендегідей: мектеп бітірушілері өздерінің мүмкіндіктерін, кәсіптердің талаптарын және еңбек нарығын жеткіліксіз түсінеді. Бүгінгі күні оқушылардың кәсіптік бағыты – заман талабы. Өйткені әр 2-3 жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады. Осындай жағдайларда біз балалардың мета дағдыларын дамытуымыз керек.

Жиында мектеп оқушыларының өзін-өзі дамыту, салауатты өмір салты, еріктілер қозғалысы, кітап оқу мәдинетін тарату мақсатындағы «Reading time» жобасы, ТЕDХ – конференциялар, шығармашылық байқаулар, тақырыптық кездесулер, флеш-мобтар және жарнамалық акциялар туралы талқыланды.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK