Американың Парк-Сити қаласындағы әлем чемпионатында могулдан әйелдер арасындағы чемпион анықталды. Қазақстандық Юлия Галышева әлем чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz. сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Бұл Юлияның әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Финалда біздің спортшы 79.14 ұпай жинап, қарсыластарына шаң қаптырды.

Күміс жүлде австралиялық Энтони Джакараның еншісінде (78.99 ұпай). Олимпиада чемпионы Перрин Лаффон 78.70 ұпаймен қола жүлде иегері атанды.

Ерлер арасында жерлесіміз Павел Колмаков финалдық кезеңге өткен болатын. Алайда, үздік алтылыққа ене алмай, әлемдік сынды 16-шы орынмен аяқтады.

Ал Аяулым Әмренова, Александр Геберт және Сергей Романовтар іріктеуден өткен жоқ.

Еске сала кетейік, құрама көшбасшыларының бірі Дмитрий Рейхерд жарақатына байланысты әлем чемпионатынан сырт қалды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK