Талдықорған театрында мюзикл сахналанды

298
Дереккөз

Мюзикл — сан түрлі өнерді бір арнада тоғыстыратын  музыкалық-сахналық қойылым. Бұл біздің көрермен үшін бейтаныс жанр деуге болады. Алайда,  театр ұжымы тәуекелге бел байлап дәл осы бағытты таңдады. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында  «Достар серті» мюзиклінің премьерасы өтті.

Дереккөз

Актерлік шеберлік, пластика мен хореографияның өзара үндесуі, акробатикалық элементтер және вокал. Мұның барлығын көрермен аталмыш  мюзиклден тамашалай алады. Туындының авторы  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Б.Қайырбеков, режиссері Е.Нұртазин, композиторы А.Оренбургский, балетмейстері  Г.Бахарова. Спектакльде Марат, Қайрат, Айдос және Жұматай есімді төрт жігіттің мөлдір махаббаты мен достық тарихы жырланады. Музыкалық училищеге келіп, тағдыр жолдары түйіскен жігіттер мәңгілік дос боламыз деп серттеседі. Қызыққа толы студенттік шақта  талантты жастар  ансамбль құрады. Бұл оқиғаны 63 жасар Марат баяндайды.

Дереккөз

Қойылым барысында  Шәмші Қалдаяқовтың, Нұрғиса Тілендиевтің, Ескендір Хасанғалиевтің, «Дос-Мұқасан» тобының репертуарындағы танымал әндер шырқалды. Премьераға Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев арнайы келіп, шығармашылық ұжымды құттықтады.

Дереккөз
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK