талдықорған қалалық партия филиалы
дереккөз

Қаламыздағы  Тіл сарайында «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының  кезектен тыс ХXVIII   конференциясы  өтті.  Шараға  ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты Ә. Бектұрғанов, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Ғ. Сарыбаев және Талдықорған қаласының әкімі, қалалық партия филиалының  төрағасы Д. Шалтабаев  пен  облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, саяси кеңес, бюро мүшелері, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған   100-дей делегат қатысты.

Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай « Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», Елбасының «Қазақстандықтардың әл-аукатының өсуі : табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру барысы, партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау, сондай-ақ, Алматы облыстық партия филиалының конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.

Бүгінгі күні   Талдықорған қалалық  партия филиалы қатарында барлық салада құрылған 28 бастауыш  партия ұйымы бар.  Олар 11 мыңнан астам  партия мүшелерінің басын біріктіреді.  Жиын барысында мандат, санақ, редакциялық комиссиялар мен хатшылықтың құрамы сайланды.

Конференцияда  Президенттің « Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы турасында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова баяндама жасады. Шаһар өміріндегі қоғамдық-саяси, рухани және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың барлығын қамтып, талдап, таратып айтып берді.

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Ғалиасақар Сарыбаев « Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы. Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі және партияның 2030 жылға дейінгі бағдарлама жобасының негізгі ережелері турасында айтып берді.

 Сондай-ақ, Талдықорған өңірлік обаға қарсы станциясы директорының орынбасары, партия ардагері Валерий Сапожников, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ оқытушысы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Әсем Қалибек, қалалық көпсалалы аурухананың директоры, облыстық партия филиалы саяси кеңесінің мүшесі Сәуле Құсмолданова сөз алып, партиялық атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Жалпы алғанда айтар болсақ, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылдарға дейінгі бағдарламалық жобасы жасалынған болатын. Алдағы уақытта Елбасының Жолдауларында  берілген тапсырмалардың  нақты  іске асырылуы партия қадағалауында. Баяндамашылар  аталған тапсырмалар мен партия қызметін жаңғырту аясында атқарылған істерге тоқталды.

«Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» – бұл халықтық партия. Ол үнемі қарапайым адамдардың арасында болуы керек» — дей отырып, оның рөлін арттыру әрбір партия мүшесінің бұлжымас міндеті екенін атап көрсеткенін білесіздер. Бұл – осында отырған бәрімізге жүктелген үлкен жауапкершілік деген сөз. Баршаңызды  партиямыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Біздің мақсатымыз айқын, міндетіміз анық. Еліміздің кемел келешегі үшін жоғары жауапкершілікпен бірлесе жұмыс жасайық», — деп атап өтті  қала әкімі,  «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық  филиалының төрағасы  Д. Шалтабаев.

Жиын соңында партияның облыстық филиалының  конференциясына делегаттар сайланды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK