дереккөз

Өткен жылдың 1 қыркүйегінде Талдықорған қаласы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде алғаш рет  “Жас полиция”  кадетінің қазақ  сыныбы ашылды.

Кадет сыныбының негізгі мақсаты: тәрбиеленушілерді  (білім алушыларды) мейірбандық пен ізгіліке, мемлекеттік ой-өріс  рухында жауапкершілікті өз мойнындарына алуға дайын болатын, мәдениетті, ақылды, үлкен іске қабілетті, патриот тәрбиелеп шығу.  Сондай-ақ,  оқушылардың бойына жоғары азаматтық, патриоттық және рухани, адмгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып,идеологиялық, зияткерлік, құқықтық, эстетикалық, әскери-патриоттық құндылыққа тәрбиелейміз.

Кадет сыныбында  27 оқушы оқитын болса, оның 14-і ер бала, ал 13-і қыз бала. Олар 6 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін жалпы білім беру жүйесінің бағдарламасын игерумен қатар, қосымша әскери-патриоттық тақырыптағы пәндерді оқитын  болады.

Оның ішінде, атап айтқанда саптық дайындық, атыс өнері, тактикалық іс-қимылдар, әскери-медициналық көмек,  әскери жарғы талаптары, топографияның қыр-сыры үйретіліп жатыр.  Бүгінде балалар  үлкен қызығушылық  танытуда. Олар адамгершілік тәрбие, мәдениеттілік пен отансүйгіштік қасиетін жанына биік ту етпек.

Оқушылардың өзіндік формалық киім үлгілері — Полиция қызметінің күнделікті киімдерінде-шалбарында, бас киімдерінде, пилоткаларына және погондарына “Курсант” деген жазуы бар жапсырма тігілген. Қазіргі уақытта оқушылар  Шекара күзетудің негізімен  танысуда. Олар  басты міндеті оқуды “жақсы” және “үздік” деген бағаларға оқып, ҚР Полиция қызметінің академиясына оқуға түсуге  талпынуда.

Еліміздің еңсесін биік, Туымен тік, Әнұранын асқақтатар ел азаматтары болатынына сенім молІ

                                                                                              Қамза Құрманбек,

                                                                          Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы

                                                                            №18 орта мектеп-лицейі

                                                                            кадет сыныбының  жетекшісі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK