Жылдың жаңа бастамалары

495
Дереккөз

Елбасымыз бекіткен 2019 жыл «Жастар жылы» деген Жарлық бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде игі бастамалар бой көтеруде. Соның бірі, Талдықорған қаласы В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханада өткен аға буын өкілдері және  жастар бас қосқан «Жастардың төл міндеті  — рухани жаңғыру»  атты дөңгелек үстел.

Дереккөз

Жиынға   «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Ақболатов, Талдықорған қалалық жастарға қызмет ету орталығының маманы Тілек Құрмаш, Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Күлпан Сейітжанова, «Талдықорған» газетінің тілшісі Назерке Әділбекова, «Жетісу» газетінің тілшісі Еңлік Қабдеш және «Білім» гуманитарлық-техникалық колледжінің  білімгерлері қатысты. Шараның негізгі мақсаты «Жастар жылында» атқарылатын маңызды істермен бөлісу, «Жылдың жастар үшін берері  не ?» деген сұраққа жауап алу, жас буынның ұсыныстарын тыңдау, әрі ашық пікір алмасу. «Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы әрдайым жастарға көңіл бөліп,  қолдап отырады. Әр Жолдауында білім жүйесін қадағалап, жастарға барынша қолайлы жағдай жасайды. Мысалы  «Жол картасы-2020»  бағдарламасы, инновациялық жобаларды көбейту мұның барлығы жастарға деген көмек. Ол жас толқын білім ала жүріп те жұмыс істей алуы үшін өте қолайлы. Білім саласын аяқтап шыққан түлектерге жұмысқа орналасуына да үлкен септігін тигізеді» — деді Күлпән Кәликенқызы. Ал өңірімізде жастарды қолдап, оларға бағыт-бағдар беріп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жүрген « Жас Отан» жастар қанатының басшысы Еркебұлан Ешмұхамбетұлы « Жастар жылы біз үшін тарихи сәт, зор мүмкіндік. Бұл мүмкіндікті орынды пайдалана алуымыз қажет. Мұны біз үлкен міндет деп білеміз. «Жастар жылын» дайын дүниелерді игеру емес, тың бастамалар мен идеялардың шығуына берілген мүмкіндік деп түсінуіміз қажет. Осы орайда жастарға қызмет көрсетіп жүрген барша мекемелер сіздермен ашық қарым-қатынас орнатуды көздейді. Мұндағы мақсат сіз бен біз болып толағай табыстарға жету, жас толқынның қажеттіліктері мен көкейдегі ойларын орындауға көмек көрсету» — деді. Пікір алмасу жиынның мақсаты да сол жастар мен аға буынның тығыз қарым-қатынас орнатып, жаңашыл бастамаларды қолға алу. Жастар пікірін білдіріп, үстіміздегі жылдан орасан зор үміт күтетінін жеткізді. Қаланың, ауданның өркендеуіне септігін тигізуге дайын екендігін де аңғартты.

Салтанат ИРҒАИПОВА.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK