Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы тағайындалды

305
Дереккөз

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жомарт Мандатұлы Қаратас облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы болып тағайындалды.

Жомарт Мандатұлы ҚАРАТАС

1988 жылы туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын алғашқы әскери дайындық, заңгер, мемлекеттік жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысының орынбасары болып бастаған.

Әр жылдарда «Жетісу жастары ұйымының конгресі» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының жастар ісі жөніндегі консультанты, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының бас әкімші лауазымдарын атқарды.

2017 жылдың қаңтар айынан — «Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» МККК директордың орынбасары.


Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK