Әне, міне дегенше ақпан айының қысы да келеді. Қазақ ұғымында ат құлағы көрінбейтін борандар осы айда күш алады деген болжам бар. Сол себепті ақырған ақпанды «Бөрі сырғақ» деп атаған. Яғни, ай аяғындағы сырғақ пен қатты боранды күндердерінде қасқырлардың ұйығуы басталады екен. Сырғақ деп бұршақтан кіші, мұзды қар түйіршіктерін айтады. Көне көз қариялар бұл амалдың атауы осы бөріге байланысты екенін айтады.

Сонымен ақпан айындағы ауа райы қалай болмақ? «Қазгидромет» РМК мамандары ұсынған ауа райы болжамын назарларыңызға ұсынамыз.

Синоптиктердің мәліметінше, 2-4 ақпан аралығында аяздар кідірмейді. Температураның жоғарылауын, сондай-ақ республиканың басым облыстарында қар жауу және бұрқасын тудырған оңтүстік циклоны Алтайға қарай жылжыды.

«Қазақстанға Карск теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында минус 35…42° дейін, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22° дейін кезекті температураның төмендеуін тудырады. Бірақ, Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон, жексенбіде аяздың әлсіреуін, сондай-ақ қар жауу, бұрқасын және республиканың басым облыстарында күшті екпінді жел тудырады», — дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Сондай-ақ, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысының  кей жерлерінде түнде қатты қар жауады, тек Қазақстанның оңтүстігі мен батысында күн жауын-шашынсыз болады. Карск теңізі ауданынан суық ауа массаларының енуіне байланысты солтүстік аудандарында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, жел күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында екпіні 20-25 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде кей жерлерде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі,  Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Айта кетейік, Талдықорған қаласында 2-4 ақпан аралығында күн ашық, ауа температурасы -2 мен 3 гардусты көрсетеді. Ал, 5 ақпанда 0 градус, қар жауы ықтимал. 6 қаңтар едәуір суықтау болады, ауа температуарсы -15 дейін барады деп болжанып отыр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK