І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-де «Жетісу» телеарнасы «Иманашар» бағдарламасының жүргізушісі  Қанат Маратұлы мен білімгерлер арасында «Болашақ – білімді жастар қолында» тақырыбы аясында кездесу өтті.

Мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімінің ұйымдастыруымен атқарылған жиналыстың негізгі мақсаты – жастарға тарихи сананы жаңғырту қажеттігін түсіндіре отырып, ұлттық болмысты қалыптастыру.

Жиын барысында Қанат Маратұлы білімгерлерге Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жан-жақты талдап, ана тілдің маңыздылығын, Алаш арыстарының шығармаларынан дәйектер келтіріп, туған тіліміздің қадірін түсірмей қастерлеу керектігін  көркем түрде жеткізе білді. Сондай-ақ, білімнен бұрын тәрбиенің қашанда бірінші кезекте тұратынын ғұламалардың туындыларымен баяндап, студенттердің санасын жаңғыртты.

Өз кезегінде сөз алған аталмыш білім орданың тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры  Болат Сериев  арнайы уақытын бөліп келген Қанат Маратұлына алғысын білдіріп, арнайы сыйлығын табыстады. Және кездесуге қатысқан қонақтарға рахметін айтты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK