Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі

289
Дереккөз

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысының ҮЕҰ арналған әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жәрмеңке әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған әлі де жүзеге асырылмаған тың  идеялар мен жобаларды қарастыруды көздейді. Биылғы жәрмеңкенің ерекшелігі ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру. Аталмыш жәрмеңке  бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдардың үздік жобаларын тікелей қаржыландыруға мүмкіндік беріп, қоғамдық бірлестіктердің қолдауына ие болуда. Алматы облысы Азаматтық Альянсының президенті Жанар Нұрмұханова «2017 жылы 4 500 000 теңге бөлініп, оған облысымыздың 30-дан астам ҮЕҰ қатысып, әртүрлі бағыттарды қамтитын жалпы саны 43 жоба қабылданып оның 15 қаржыландырылса, 2018 жылы 10 000 000 теңге қарастырылып, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 103 жоба қабылданды. Оның ішінде 10 жобаға 1 млн теңгеден бөлініп, облысымызда 10 жаңа әлеуметтік кәсіпорын ашылды. Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында тоқсан сайын «ҮЕҰ – дың мектебі» өтті. Облыстың әр аймағында өткен шараға арнайы сертификатталған мамандар  шақыртылып,  пайдалы мағлұматтар берілді»-деді. Айта кетейік, өткен жылы 6 ҮЕҰ «Жетісу географиялық қоғамы», «Болашақ бағдары», «Фотографтар одағы», «Алматы облысының жас журналистер одағы», «Ақ алау» және  «Мол қазына» қоғамдық бірлестіктері құрылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK