Қаржылық сауаттылық артуда

389
Дереккөз

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өткен жылдың 12 айдағы қызметінің қорытындысына арналған  баспасөз мәслихаты өтті.

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2018 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін 356 аудиторлық іс-шаралар өткізген. Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Азамат Мұсабектің айтуынша, өткен жылы тексеру нәтижесінде орын алған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 70 872 910,4 мың теңгені құраған, оның ішінде  19 713 275,4 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар және 51 159 635,0 мың теңге процедуралық бұзушылықтар болып отыр. «Соңғы үш жылмен салыстырғанда 2018 жылы тексерулер мен құқық бұзушылықтар көп болды. Бұл   халықтың өз құқығын білетіндігін және қаржылық сауаттылықтың артып келе жатқандығын білдіреді. Былтыр анықталған  20 млрд-қа жуық қаржылық бұзушылықтың бүгінгі күні 99,5 % орнына келтірілді» -деді. Аудиторлық қызметтің қорытындысы бойынша тексерілген нысандардың  159 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Аталған тұлғалардың 104-не ескерту, 49 — сөгіс, 6 — қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілік болған. Ағымдағы жылдан бастап аудиторлық тексерулер мен жұмыстар электронды форматқа көшпек. Бұл шара қаржылық құқық бұзушылықтың алдын алатын ең оңтайлы тәсіл болып табылмақ.

Салтанат ИРҒАИПОВА.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK