Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Алматы облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «1С бухгалтерлік бағдарлама бойынша жетілдіру сабағы» тақырыбында семинар өтті. Оған аудандық, қалалық кәсіподақ комитетінің бухгалтерлері толық қатысты.

Шара барысында Алматы облыстық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров қоғамдық бірлестіктің 2018 жылы атқарған қаржылық-шаруашылық жұмысына тоқталды. Бухгалтерлердің 2017 жылы 1С бағдарламасына көшкені және 2018 жылы аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінде өткен есеп беру-сайлау Конференцияларында тексеру комиссиясының есебі тыңдалғаны және нәтижелі жұмыс жүргізілгенін атап көрсетті.

Сонымен қатар, Алматы облыстық ұйымның бас есепшісі Айгүл Арымбаева кәсіподақ мүшелерінен түскен жарнаның тиімді, мақсатты жамсалуын бақылауда ұстайтындығын ескертті. Өткен жылдың 31 қазан күні бухгалтерлерге арналған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымдастырған семинарында айтылған нұсқаулықтарды көпшілік назарына ұсынды.

Талдықорған қаласында орналасқан «Zhetysu business group» ЖШС-нің ғимаратында өткен семинарда орталықтың басшысы Жазира Жазылбаева 1С бағдарламасымен жұмыс істеудің тиімділігін көрсетіп, бағдарлама шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиында бухгалтерлер тарапынан сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді. Бұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы

Алматы облыстық ұйымының баспасөз қызметі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK