Күн өткен сайын «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында халыққа қызмет көрсетудің ең оңай жолы ұсынылуда. Бүгінде еліміздің 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тұрғындар жүргізуші куәлігін ең оңай жолмен ауыстыра алады. Оған көлікті тіркейтін және жүргізуші куәлігін ауыстыру жұмыстарымен айналысатын әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімінің мамандары қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорацияның баспасөз  қызметі хабарлады.

 Аталған секторлар арқылы азаматтар мерзімі бітуге жақын қалған жүргізуші куәлігін жаңалайды. Бұл  ретте тиісті емтихандарды тапсырып, медициналық тексерістен өтудің қажеті жоқ. Аймақ тұрғындары көлік жүргізу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚКО-нан уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзімі 1 ай, осыдан кейін «жоғалғанның орнына» белгісімен жаңа көлік жүргізу куәлігі беріледі.

 

Енді көлік жүргізу құқығынан айырылған адамдар жүргізуші куәлігін қалпына келтіру үшін тиісті емтихан тапсырады.Сондай-ақ, астаналық көлік иелері жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚКО-нан бөлек Тәуелсіздік даңғылы, 32 мекенжайындағы ХҚКО-да алмастыруға болады. Бұдан бөлек, көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметін электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырады. Ол үшін көлік жүргізушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданып, баж салығы төленеді. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, мамандандырылған ХҚКО-на барып, дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады.

Айта кетейік, 2018 жылы аталған аудандық ХҚКО-ы арқылы 12 мыңдай көлік жүргізушісінің куәлігі берілген. Ал, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болатын аудандық, қалалық ХҚКО-ы қазір Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының  біраз аудан, қалаларында  орналасқан.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK