Жастар жылын қолдаймыз

462

Елдің кемел келешегі – жастар. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында»-деген қанатты сөзі жастарды құлшындыра түскендей. Талдықорған жоғары медициналық колледжі биылғы Жастар  жылын зор ықыласпен, үлкен мақсат, міндеттермен кешенді әрі жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Олар  өздерінің көзқарастарын білдіру мақсатында «Жастар жылын қолдаймыз!»-тақырыбында әлеуметтік желілер арқылы эстафеталық бейнеүндеу жолдап, ой-пікірлерімен бөлісті.

Тарихи жылдың маңыздылығын ескере отырып, колледжіміздің директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, жастар жанашыры Жансеңгіров Серік Максимұлының бастамасымен іс-шаралар жоспары жасалынды. Мақсаты — Жастар жылының мазмұндық құндылықтарын насихаттау, колледж білімгерлерімен кешенді іс-шаралар жүргізу арқылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға ықпал ету.

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

 Мен жастарға сенемін…»-деп Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай, бойларында күш-қуаты бар, білім мен ғылымға, мәдениетке етене араласып, ел ертеңі үшін оқ бойы озық тұруға ұмтылатын көшбасшы жастарымыздың қатары көбеюде. Салауатты әрі мәдени дамуына, кәсіби маман атанып, жұмыспен қамтылуына,өз ойын айта білетін, құзыретті жастардың қалыптасуына колледжде барынша  жұмыс жасалуда. Атап айтсақ,  «Би», «Домбыра», «Ән», «Спорт», «Ғылыми пәндік» үйірмелер жұмыс жасайды.

 Оқу орнын бітіруші топтарды жұмыспен қамту бойынша жәрмеңкелер ұйымдастыру, еріктілер қозғалысы бойынша 6 бағытта әлеуметтік әрі мейірімділік акцияларына тарту, қайырымдылық шараларына қатыстыру, жыл сайынғы экологиялық бағыттағы «Шапағат» аллеясын жандандыру жұмыстары үнемі жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында колледж қабырғасында «Саналы ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Жастарымыздың бос уақыттарын тиімді пайдалану әрі пайдалы еңбекпен қаматамасыз ету мақсатында жастар ісі жөніндегі комитет 12 бағытта жұмыс жасауда. Қорытындылай келе, атқарылған жұмыстардың барлығы егемен еліміздің болашағы саналатын, жастарымызға деген сенім мен болашақ үшін жасалынып жатқан игі шаралар деп білеміз. Жастар жылында айтарлықтай   абыройлы қызмет атқарамыз деген сенімдемін.

                                                                                             А.Манарбекқызы,

                                                                         Талдықорған жоғары медициналық                                                                колледжі тәрбие бөлімінің меңгерушісі.                                                             

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK